21.06.2026
«Бейбарыс» хоккей клубының бапкерлер штабына толықтыру енгізілді. Команданың бас бапкерінің көмекшісі қызметіне Алекс...
«Бейбарыс» хоккей клубының бапкерлер штабына толықтыру енгізілді. Команданың бас бапкерінің көмекшісі қызметіне Александр Григорьевич Березенский тағайындалды.
Маман клубтық деңгейде де, Қазақстан ұлттық құрамасы жүйесінде де мол тәжірибе жинақтаған. Әр жылдары Александр Березенский «Барыс» және «Номад» командаларының бапкерлер штабында қызмет атқарып, Қазақстан чемпионы және Құрлықтық кубоктың иегері атанды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы құрамында әлем чемпионаттарына қатысты.
Айта кетерлігі, Александр Березенский мен «Бейбарыстың» бас бапкері Егор Алексеевич Кутугин бұған дейін Түменнің «Газовик» клубында бірге өнер көрсеткен. Енді олар Атырау командасының бапкерлер штабында қайтадан бірлесіп жұмыс істейтін болады.
Александр Григорьевичке «Бейбарыс» сапында жемісті еңбек пен жаңа жеңістер тілейміз!
_________________
Тренерский штаб хоккейного клуба «Бейбарыс» пополнил Александр Григорьевич Березенский, который будет работать в должности помощника главного тренера.
Специалист обладает большим опытом работы как на клубном уровне, так и в системе национальной сборной Казахстана. В разные годы Александр Березенский входил в тренерские штабы «Бар