02.11.2026
Артём Плаксин — «Бейбарыс» хоккей клубының жаңа шабуылшысы!
🟢 Артём Плаксин — «Бейбарыс» хоккей клубының жаңа шабуылшысы!
Артём 2006 жылдың 24 сәуірінде Ресейдің Челябі қаласында дүниеге келген. «Трактор» және «Югра» хоккей мектептерінің түлегі.
2024/2025 және 2025/2026 маусымдарында Владивостоктың «Тайфун» жастар командасының намысын қорғады. 2025/2026 жылғы маусымда команданың капитаны болды.
Өткен маусымда Жастар хоккей лигасында 61 матч өткізіп, 47 (14+33) ұпай жинады. Пайдалы әрекет көрсеткіші — «+21».
Жалпы Жастар хоккей лигасындағы көрсеткіші: 117 матч, 77 (21+56) ұпай.
«Бейбарыс» хоккей клубымен келісімшарт 2026/2027 жылғы маусымның соңына дейін жасалды.
Атырауға қош келдің! 🟢
__________
🟢 Артём Плаксин — новый нападающий ХК «Бейбарыс»!
Рады приветствовать российского форварда Артёма Плаксина в нашей команде!
Артём родился 24 апреля 2006 года в Челябинске. Воспитанник хоккейных школ «Трактор» и «Югра».
В сезонах 2024/2025 и 2025/2026 защищал цвета молодёжной команды «Тайфун» из Владивостока, где проявил себя в качестве одного из лидеров коллектива. В сезоне 2025/2026 был капитаном команды.
В минувшем сезоне МХЛ Артём провёл 61 матч, набрав 47 (14+33) очков при показателе полезности «+21».
Всего в Молодёжной хоккейной лиге на его счету 117 матчей и 77 (21+56) набранных очков.
Контракт с ХК «Бейбарыс» рассчитан до конца сезона 2026/2027.
Добро пожаловать в Атырау! 🟢